Қазақстандық жас шабандоздар Мәскеуде өткен халықаралық пони-спорт турниріне қатысты

2025 жылғы 6–9 қараша аралығында Мәскеудегі «Измайлово» ат спорт кешенінде әлемдік деңгейдегі алғашқы халықаралық пони-спорт турнирі — «Жас шабандоздар достығы кубогы» өтті.
Жарыс ТМД Атқару комитетінің қолдауымен ұйымдастырылып, халықаралық күнтізбеге енгізілді. Оған Ресей, Қазақстан, АҚШ, Румыния, Норвегия және Беларусь елдерінен 200-ден астам спортшы қатысты.
Қазақстан құрамасына Алматы қаласын атынан Саида Сәрсенбі, Ляйсан Жақсылық және Айдана Сатенова өнер көрсетті.
Конкур бағдарламасында (40 см биіктіктегі кедергілер) қыздар 2-, 3- және 4-орындарды иеленді.
Атпен мәнерлеп жүру (міндетті бағдарлама №1) жарысында — 4-, 5- және 6-орындарды иеленді.
Қазақстанның ат спорты федерациясы жас спортшылар мен бапкерлерін табысты нәтиже көрсеткендерімен құттықтап, турнир ұйымдастырушыларына жоғары деңгейде өткізілген жарыс үшін алғыс білдіреді.
Халықаралық турнирлерге қатысу пони-спортты дамытуға, жарыстық тәжірибе жинауға және болашақ кәсіби спортшыларды даярлауға мүмкіндік береді.