Ат спорты тарихы

Қазақстандағы ат спортының қысқаша тарихы

1956–1993

1956 жылы Қазақстанда алғашқы ат спорты мектебі ашылған сәттен бастап 1993 жылға дейін қазақстандық шабандоздар КСРО чемпионаттарына тұрақты қатысып, жүлдегер атанды.
Белгілі спортшылар:

  • Конкур: Тишков А.

  • Үшсайыс: Калашников А., Трубицын А.

  • Ат үйрету: Танков А.

1998–2000

  • 1998 жылдан бастап Қазақстанда Дүниежүзілік Кубок кезеңдері тұрақты түрде өткізіліп келеді.

  • 1999 жылы Қазақстанның бастамасымен Орталық Азия лигасы құрылды.

  • 1999–2000 маусымының алғашқы жеңімпазы – МСМК Петр Соловьев.

  • Біздің шабандоздар Дүниежүзілік Кубок кезеңдерінің жүлдегері атанды.

1999

  • Сеулдегі Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы 2-орын, Петр Соловьев жеке есепте 3-орын алды.

  • 2000 жылы Бейжіңде өткен Шығыс Азия чемпионатында Гулевых В. 2-орын иеленді.

  • 2005 жылы Тайваньда өткен Азия чемпионатында Қазақстан командасы 1-орын алды.
    Жеке есеп:

  • Мороцкий Е. — 1-орын

  • Попеляев О. — 2-орын

2011

  • Ат спорты алғаш рет Қазақстан Спартакиадасының бағдарламасына енгізілді.

  • Қазіргі таңда Қазақстанда FEI танитын классикалық (олимпиадалық) 3 дисциплина дамып келеді:

    1. Конкур (кедергіден өту)

    2. Ат үйрету (выездка)

    3. Үшсайыс (конкур, ат үйрету және кросс)

2014

  • Қазақстан құрамасы Хиросима (12 Азиада), Доха (15), Гуанчжоу (16), Инчхон (17) Азия ойындарына қатысты.

  • 2014 жылы Францияның Нормандия қаласында өткен Дүниежүзілік ат спорты ойындарына қатысты.

Back to top button