Демеушілер мен серіктестер
«Казцинк» – Қазақстандағы түсті металлургия саласының жетекші кәсіпорындарының бірі. Компания мырыш өндіруде көш бастап, сонымен қатар ілеспе өнім ретінде мыс, бағалы металдар мен қорғасын шығарады. 1997 жылы құрылған. Өндірістік кәсіпорындары Шығыс Қазақстан, Ақмола және Қарағанды облыстарында орналасқан.
«Казцинк» өз кәсіпорындары орналасқан қалалардың әлеуметтік дамуына белсенді атсалысып, маңызды жобаларға инвестиция салып келеді.
Сонымен қатар, компания Қазақстанда ат спортының дамуына да елеулі үлес қосуда, еліміздегі халықаралық және республикалық жарыстарға демеушілік жасап жүр.