Әлем кубогы Еуразия лигасының финалы: екінші күннің жеңімпаздары анықталды

Астанада ат спортынан Әлем кубогы Еуразия лигасының финалы (FEI World Cup™ Eurasian League Final) аясындағы кезекті жарыс күні аяқталды.
Елордада өтіп жатқан беделді халықаралық турнирде 130 см және 150 см биіктіктегі кедергілерден өту (конкур) бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.
Бұл күні Қазақстан, Өзбекстан және Ресей шабандоздары жоғары нәтиже көрсетіп, тартысты бәсеке өрнегін ұсынды.
№3 маршрут (кедергі биіктігі — 130 см)
Бұл бағдарламада Өзбекстан өкілі Азам Толиббаев Lady тұлпарымен үздік шығып, бас жүлдені иеленді. Қазақстандық тәжірибелі шабандоз Олег Соколенко қос бірдей сәйгүлігімен жүлделі екінші және үшінші орындарға тұрақтады.
* 1-орын: Азам Толиббаев — LADY (Өзбекстан)
* 2-орын: Олег Соколенко — CORIANDER VAN’T LOZERHOF Z (Қазақстан)
* 3-орын: Олег Соколенко — SHENANIGAN (Қазақстан)
* 4-орын: Бекжан Байжанұлы — KING DIAMOND (Қазақстан)
* 5-орын: Алишержон Еркинов — COOL DANCER (Өзбекстан)
№4 маршрут (кедергі биіктігі — 150 см)
Күннің басты әрі күрделі сынында ресейлік шабандоз Дарья Самохина CHAS PIK есімді сәйгүлігімен жеңіс тұғырынан көрінді. Өзбекстандық Бекзод Курбанов екі атымен үздік бестікке енсе, қазақстандық Олег Соколенко мен Раиса Соколенко ел қоржынына маңызды ұпайлар салды.
* 1-орын: Дарья Самохина — CHAS PIK (Ресей)
* 2-орын: Бекзод Курбанов — SANTOS HIPPICA (Өзбекстан)
* 3-орын: Олег Соколенко — CINDERELLA (Қазақстан)
* 4-орын: Раиса Соколенко — URAN — NAD WIGRAMI (Қазақстан)
* 5-орын: Бекзод Курбанов — MATTS V.G. (Өзбекстан)
Айта кетейік, Астанадағы Еуразия лигасының финалы өңірдегі ең мықты шабандоздарды жинап, Әлем кубогының шешуші кезеңіне жолдама беретін маңызды дода саналады.
Айта кетейік, жарыстардың Бас демеуші — KAZZINC. Ресми демеушілер — Bank CenterCredit, ULTIMA (Yandex Go Ultima), Wyndham Garden Astana, EMPIRE, The St. Regis Astana. Бас ақпараттық серіктес — QAZSPORT HD телеарнасы.
Жарыс 22 қараша күні аяқталады. Кіру тегін.