Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы конкурдан чемпионатының алғашқы күнінің қорытындылары

Бүгін елордада Қазақстан Республикасы конкурдан чемпионаты басталды.
Жарыстың алғашқы күні тартысты және көрерменге әсерлі өтті.
«Арғымақ» АССК аренасында елдің әр аймағынан келген 40-тан астам спортшы бақ сынап, жоғары дайындық деңгейін, шеберлікті және ат үстінде сенімділікті көрсетті.
Маршрут №1 — «A» тобы, биіктігі 135 см дейін
Қатаң бәсекеде Олег Соколенко Синдерелла (Prestige Horse Club) атты атымен үздік нәтиже көрсетіп, 57,59 секундта айыпсыз өтіп, жеңімпаз атанды.
Екінші орынды Раиса Соколенко Уран-Над Виграми (Prestige Horse Club) атты атымен — 4 айып ұпай, 56,59 секунд нәтижесімен иеленді.
Үшінші орынға Азамат Хасенов Мун Фейри (Көкпар Астана) атты атымен — 4 айып ұпай, 59,84 секунд нәтижесімен тұрақтады.
Маршрут №2 — «B» тобы, биіктігі 120 см дейін
Ең жылдам және дәл өнер көрсеткен Шыңғыс Маликаджар Немсе (Шымкент қ. Ат спорт клубы) атты атымен 50,20 секундта айыпсыз өтіп, бірінші орынды иеленді.
Екінші орын — Эстелла Бабаян Таймаз (Шымкент қ. Ат спорт клубы) — 54,40 секунд.
Үшінші орын — Нұрболат Қартқожақ Бүркіт (Prestige Horse Club) — 55,04 секунд.
Бірінші күн жарысы әсерлі әрі жоғары деңгейде өтті, чемпионаттың қарқынын анықтап берді. Ертең қатысушыларды жаңа маршруттар мен жүлделі орындарға талас күтіп тұр.
Чемпионаттың ұйымдастыру комитеті «Қазцинк» АҚ пен Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиадалық комитетіне елімізде ат спортының дамуына қосқан қолдауы мен үлесі үшін шын жүректен алғыс білдіреді.

Back to top button