Жаңалықтар

Жас шабандоздар ат спорты бойынша Республика чемпионатының жеңімпаздары атанды

2025 жылдың 9–11 мамыр күндері «Almaty Horse & Polo Club» базасында жасөспірімдер мен юниорлар арасында конкур (кедергілерден секіру) бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Жарысқа елдің түрлі өңірлерінен келген жас спортшылар қатысты.

Чемпионат аясында биіктігі 100-ден 130 см-ге дейінгі түрлі күрделі маршруттар бойынша жарыстар ұйымдастырылды. Нәтижесінде әр санат бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:

1- маршрут / 120 см
1 орын – Софи Кожевникова, Алматы қ.
2 орын – Бекжан Байжанұлы, Алматы обл.
3 орын – Арина Мурыгина, Алматы обл.

2-маршрут / 110 см
1 орын – Амира Қабжанова, Астана қ.
2 орын – Жандос Жақып, Астана қ.
3 орын – Малика Серік, Астана қ.

3-маршрут / 100 см
1 орын – Злата Люблина, Астана қ.
2 орын – Лазиза Иляева, Шымкент қ.
3 орын – Амина Сыздықбекова, Шымкент қ.

4-маршрут / 130 см
1 орын – Бекжан Байжанұлы, Алматы обл.
2 орын – Арина Мурыгина, Алматы обл.
3 орын – Софи Кожевникова, Алматы қ.

6-маршрут / 110 см
1 орын – Амина Сыздықбекова, Шымкент қ.
2 орын – Кира Пак, Алматы қ.
3 орын – Хадия Советхан, Астана қ.

Екі күннің қорытындысы бойынша абсолютті біріншілікте Қазақстан чемпиондары анықталды:

1-4 маршрут «А» тобы 120/130 см
1 орын – Софи Кожевникова, Алматы қ.
2 орын – Бекжан Байжанулы, Алматы обл.
3 орын – Арина Мурыгина, г. Алматы обл.

2–5-маршрут / 110–120 см
1 орын – Эстелла Бабаян, Шымкент қ.
2 орын – Малика Серік, Астана қ.
3 орын – Яна Жемчужина, Астана қ.

3–6-маршрут, «С» тобы, 100/110 см
1 орын – Амина Сыздықбекова, Шымкент қ.
2 орын – Ратмир Пронин, Алматы қ.
3 орын – Кира Пак, Алматы қ.

Чемпионат – жастар арасында ат спортына деген қызығушылықтың артып келе жатқанын көрсеткен маңызды дода болды. Бұл жарыс жас шабандоздардың шеберлігін шыңдап, жаңа есімдерді танытқан алаңға айналды.

Протокол PDF

Back to top button