Жаңалықтар

ҚР Ат спорты федерациясының жаңа президенті сайланды

ҚР Президенті Әкімшілігінің Өңірлік даму мониторингі бөлімінің меңгерушісі Рустам Баялиев ҚР Ат спорты федерациясының жаңа президенті болып сайланды.

Бүгін, 12 наурыз күні, «Арғымак» ат спорты-сауықтыру кешенінде Қазақстан Республикасының Ат спорты федерациясының кезектен тыс сайлау конференциясы өтті. Конференция барысында республикалық қоғамдық бірлестіктің жаңа басшысын сайлау рәсімі жүргізілді.

Кездесу соңында Федерация конференцияға қатысқан барлық мүшелерге белсенділік танытқандары және жаңа басшыны қолдағандары үшін алғыс білдірді.

Конференция барысында сөз сөйлеген Рустам Баялиев елімізде ат спортының дамуының маңыздылығына тоқталды:

«Қазақстан үшін ат спорты – бұл жай ғана жарыс түрі емес, ұлттық мұрамыздың бір бөлігі, оны әлемдік аренаға шығаратын маңызды бағыт. Басты мақсатымыз – Қазақстанның халықаралық жарыстардағы орнын нығайту, жас таланттардың өсуіне жағдай жасау, жаңа спортшылар легін тарту және троеборье, конкур, ат үйрету сияқты бағыттарды кеңінен насихаттау. Біз бірлесе отырып, қазақстандық ат спортының деңгейін көтеріп, оны халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті ете аламыз деп сенемін. Федерация өз кезегінде инфрақұрылымды дамыту мен шабандоздарды даярлау деңгейін арттыру бойынша барлық бастамаларды қолдайтын болады».

Back to top button