Астанада Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті Бас ассамблеясының отырысы өтті

Жиынға ұлттық спорт федерацияларының өкілдері, ҚР Ат спорты федерациясының басшысы Рустам Баялиев қатысты.
Қазақстан ҰОК президенті Геннадий Головкиннің төрағалығымен өткен отырыста ұйымның 2024–2026 жылдардағы жұмысы қорытындыланып, алдағы кезеңге арналған басым бағыттар айқындалды.
Есептік кезеңде ҰОК тарапынан ұлттық федерацияларға құқықтық, ұйымдастырушылық және халықаралық бағыттар бойынша қолдау күшейтіліп, мамандар мен жаттықтырушыларға арналған 17 білім беру шарасы өткізілген.
Күн тәртібінде сөз болған негізгі мәселелердің бірі — халықаралық жарыстар мен Олимпиадаға дайындық. 2027 жылдың басынан бастап 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарына іріктеу кезеңі басталады. Осыған байланысты ҰОК ұлттық спорт федерацияларына жан-жақты қолдау көрсетуді жалғастырады.
Сондай-ақ жиын барысында ҰОК Жарғысына өзгерістер енгізіліп, 2025 жылғы қаржылық есеп пен Тексеру комиссиясының қорытындысы бекітілді.