Жаңалықтар
Ерлан Каналимов ҚР Ат спорты федерациясының вице-президенті болып тағайындалды

«Қазақстан Республикасы Ат спортының Федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігі президентінің бұйрығымен Каналимов Ерлан Ермекұлы Олимпиадалық спорт түрлері жөніндегі вице-президент лауазымына тағайындалды.
Жаңа лауазымда Ерлан Ермекұлы ат спортының олимпиадалық түрлерін дамытуға, ұлттық құрама командаларын дайындауға, халықаралық федерациялармен өзара іс-қимыл жасауға және өңірлерде ат спортын дамыту бағдарламаларын іске асыруға жетекшілік етеді.