Алматы облысының конкурдан чемпионаты өтеді

2026 жылғы 27 маусымда Almaty Horse & Polo Club ат-спорт кешенінде конкурдан Алматы облысының чемпионаты өтеді.
Дәстүрлі жарысқа Қазақстанның әр өңірінен келген 50-ден астам спортшы қатысып, әртүрлі деңгейдегі бағыттарда бақ сынайды. Турнир барысында шабандоздар мен аттардың үйлесімділігі, шеберлігі, жылдамдығы және дәлдігі сыналады.
Жарыс бағдарламасында:
Әртүрлі күрделілік деңгейіндегі бағыттар;
Балалар, жасөспірімдер және әуесқой шабандоздардың өнер көрсетуі;
Чемпиондық атақ үшін тартысты бәсеке;
Ат спорты мерекесінің ерекше атмосферасы.
Конкур – шабандоз бен аттың өзара сенімі, жоғары дайындық деңгейі мен үйлесімді әрекетін талап ететін олимпиадалық ат спорты түрі.
Өтетін күні: 27 маусым 2026 жыл
Басталуы: 10:00
Өтетін орны: Almaty Horse & Polo Club
Алматы облысы, Талғар ауданы, Рысқұлов ауылы.
Барша ат спорты жанкүйерлерін жарысты тамашалап, қатысушыларға қолдау көрсетуге шақырамыз.