Жаңалықтар

Астанада жасөспірімдер мен юниорлар арасында ел чемпиондары анықталды

«Арғымақ» ат спорты кешенінде конкурдан жасөспірімдер мен юниорлар арасындағы Қазақстан Республикасы Чемпионаты өз мәресіне жетті.

Екі күнге созылған жарыста еліміздің өңірлерінен келген шабандоздар 3 санат бойынша бақ сынады: «Балалар» 100-110 см (12-14 жас), «Жасөспірімдер» 110-120 см (15-18 жас) және «Юниорлар» 120-130 см (16-21 жас).

Жарыс алаңындағы маршруттарды курс-дизайнер Тамила Ерқанат дайындады.

– Әр жас санатындағы қатысушылар үшін маршруттар әртүрлі болды. Кеше де, бүгін де бір-бірінен өзгеше күрделілікте құрылды.

Мен уақытымның көп бөлігін алаңда өткізіп, кедергілер қашықтықтарын қаншалықты дұрыс қойғанымды бағалаймын. Сондай-ақ төрешілер алқасында отырып, олардың пікірлерін де тыңдауға тырысамын.

Биылғы чемпионатқа спорт жұптары лайықты деңгейдегі дайындықпен келгенін атап өту керек. «Балалар» санатында қатысушылар көп болды. Қай санатта болмасын өңірлерімізден айтулы жұптар шығып келе жатқанын байқадық. Өте қуаныштымын, барлығына жетістіктер тілеймін! – дейді маман.

Сонымен жарыс жеңімпаздары:

«Балалар» санаты:

1-орын – Амина Есей (Cherry)
2-орын – Аделина Кошумбаева (Альхатал)
3-орын – Ғазиза Әбілдинова (Спектор-Сайгон)

«Жасөспірімдер» санаты:

1-орын – Хадия Советхан (Тасқара)
2-орын – Малика Серік (Победа)
3-орын – Эстелла Бабаян (Таймаз)

«Юниорлар» санаты:

1-орын – Бекжан Байжанұлы (King Diamond)
2-орын – Ислам Исламов (Несме)
3-орын – Софи Кожевникова (Hiana Blue)

Back to top button