Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы ат спорты федерациясының кезектен тыс конференциясын өткізу туралы ақпарат

Құрметті Федерация мүшелері!

2026 жылғы 19 мамыр күні сағат 11:00-де Астана қаласында «Қазақстан Республикасының ат спорты федерациясы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің кезектен тыс конференциясы өтетінін хабарлаймыз.

📍 Өтетін орны: Астана қаласы, Қарқаралы тас жолы, 1
📌 Форматы: тікелей қатысу, сонымен қатар бейнеконференция арқылы

Күн тәртібінде:

Федерация Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу

Жарғыны жаңа редакцияда бекіту

Өзге де мәселелерді қарау

📩 Ұсыныстарды 2026 жылғы 10 мамырға дейін (қоса алғанда) info@kazequestrian.kz электрондық поштасына жолдауларыңызды сұраймыз.

Офлайн қатысушылар тіркеуден өтеді, ал онлайн қатысушылар алдын ала сәйкестендіруден өтеді.

Барлық қатысушылар жеке куәліктерін алып келуі тиіс.

Байланыс үшін: +7 701 325 71 65

Back to top button