Жаңалықтар

Қазақстан Республикасының атпен мәнерлеп жүру чемпионаты: үшінші күннің қорытындысы

2025 жылғы 19 қазанда Алматы облысы, Талғар ауданы, Рыскулов ауылы маңындағы Almaty Horse & Polo Club аренасында Қазақстан Республикасының атпен мәнерлеп жүру чемпионатының үшінші күні өз мәресіне жетті.
Финалдық бағдарламаларда еліміздің жетекші спортшылары жоғары дайындық деңгейін, шеберлікті және шабандоз бен жылқы арасындағы үйлесімділікті көрсетті.
FEI Шақыру кубогы – орта деңгей сынағы
Бұл санатта жеңіске Роза Дауренбек Porfiado de JC II атты атымен (жеке «Батист» мәнерлеп жүрі командасы) жетті.
Екінші орынды — Алиса Миллер Бастион атты атымен (UK Equestrian School, Өскемен қ.) иеленді.
Үшінші орынды — София Старцева Сакура атты атымен (UK Equestrian School, Өскемен қ.) иеленді.
Жасөспірімдерге арналған командалық жүлде
Бірінші орынды — Линара Төлеген Grenada атты атымен (Алматы облыстық ДРС) иеленді.
Екінші орынды — Алика Савикова Cachassini атты атымен (Almaty Horse & Polo Club) жеңіп алды.
Үшінші орын — Рузанна Бахитова Veber атты атымен (KSK «Almaty Horse & Polo Club»).
Өңірлік ойындар – командалық жүлде
Жеңімпаз атанған — Растислав Осипов Radell атты атымен (KSK «Almaty Horse & Polo Club»).
Екінші орынды — Салина Калра Спартакус атты атымен (Horse Club Almaty, Ұлттық және ат спорты түрлері спорт клубы, Алматы қ.) иеленді.
Үшінші орын — Олеся Кирьянова Vincent Raspin атты атымен (жеке мәнерлеп жүрі командасы).
Юниорларға арналған командалық жүлде
Бұл санатта жеңіс Роза Дауренбекке Idrol OC атты атымен (жеке «Батист» мәнерлеп жүрі командасы) бұйырды.
Екінші орын — Мария Дорофеева Миракл атты атымен (ДРСПНИКВС).
Орта жүлде №1
Бірінші орын — Ольга Симонова Ренди атты атымен (ДРСПНИКВС).
Екінші орын — Ольга Сяйлева Дар Эс Салам атты атымен (Ұлттық және ат спорты түрлері спорт клубы).
Үшінші орын — Валерий Чекалин Latinos Joy атты атымен (Almaty Horse & Polo Club).
Чемпионаттың ұйымдастырушысы — Қазақстанның ат спорты федерациясы.
Жарыстың бас демеушілері — «Казцинк» АҚ және Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиадалық комитеті.
Чемпионаттың басты мақсаты — ұлттық мәнерлеп жүру мектебін дамыту және қазақстандық спортшылардың кәсіби деңгейін арттыру.

Back to top button