Жаңалықтар

Қазақстан Республикасының атпен мәнерлеп жүру чемпионаты: екінші күннің нәтижелері

2025 жылғы 18 қазан күні Алматы облысындағы Almaty Horse & Polo Club базасында Қазақстан Республикасының атпен мәнерлеп жүру чемпионатының екінші күні өз мәресіне жетті.
Жарыстар еліміздің үздік спортшыларын біріктіріп, жоғары шеберлікті, шабандоз бен жылқының үйлесімін және манежде орындалған көркем элементтердің сұлулығын паш етті.
Бұл күні қатысушылар келесі санаттар бойынша бақ сынады:

Балаларға арналған алдын ала «Б» жүлдесі
1 орын — Яна Джанкуразова (Сальгам) — СКНКВС — 63,821%
2 орын — Варвара Гузь (Сакура) — СКНКВС — 63,232%
3 орын — Александра Карпова (Руфус) — СКНКВС — 63,179%

FEI Шақыру кубогы – бастауыш деңгей сынағы
1 орын — Яна Грицюк (Anjuna) — AKBULAK Horse & Polo Club — 63,288%
2 орын — Венера Балтиева (Prince) — «Батист» командасы — 62,658%
3 орын — Олеся Коптева (Classica Star) — СКНКВС — 61,261%

Жасөспірімдерге арналған алдын ала жүлде
1 орын — Линара Төлеген (Grenada) — Алматы облысы ДРС — 65,389%
2 орын — Алика Савикова (Cachassini) — Almaty Horse & Polo Club — 63,556%
3 орын — Рузанна Бахитова (Veber) — Almaty Horse & Polo Club — 62,389%

Юниорларға арналған алдын ала жүлде
1 орын — Мария Дорофеева (Миракл) — ДРСПНИКВС — 60,208%
2 орын — Роза Дауренбек (Idrol OC) — «Батист» командасы — 59,792%

Кіші жүлде
1 орын — Дарья Попова (Sieger Hit II) — «Батист» командасы — 67,696%
2 орын — Дарья Попова (Martelillo VIII) — «Батист» командасы — 65,343%
3 орын — Галина Суховеенко (Magnetic Cool) — СКНКВС — 64,020%

Жарыстар жалғасуда және 19 қазанда өз мәресіне жетеді. Сол күні чемпионаттың абсолютті жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталады.
Ұйымдастырушылар спортшылардың жоғары дайындық деңгейін және еліміздегі ат спортына, әсіресе атпен мәнерлеп жүруге деген жастардың қызығушылығының артып келе жатқанын атап өтті.

Өтетін орны: Almaty Horse & Polo Club, Алматы облысы
Өткізу мерзімі: 2025 жылғы 17–19 қазан

Демеушілер: Казцинк, Қазақстанның Ұлттық олимпиадалық комитеті.

Back to top button