Жаңалықтар

Қазақстан Республикасының атпен мәнерлеп жүру бойынша чемпионаты: бірінші күннің нәтижелері

17–19 қазан аралығында Алматы облысындағы «Almaty Horse & Polo Club» базасында маусымның ең маңызды және көркем жарыстарының бірі – Қазақстан Республикасының атпен мәнерлер жүру бойынша чемпионаты өтуде.

17 қазанда чемпионаттың бірінші күні басталып, жас аттар арасындағы жарыстар өтті:
• 4 жасар аттарға арналған жүріс — 🥇 РАСТИСЛАВ ОСИПОВ (DON PERIGNON STAR)
• 5 жасар аттарға арналған жүріс — 🥇 ДАРЬЯ ОВСЯННИКОВА (SARDAR)
• 6 жасар аттарға арналған жүріс — 🥇 РАВИЛЬ ТУРСУНОВ (МАГЕЛЛАН)
• 7 жасар аттарға арналған жүріс — 🥇 ГАЛИНА СУХОВЕЕНКО (MAGNETIC COOL)

Бірінші күнгі жарыстарда қатысушылар жоғары дайындық деңгейін, аттарымен үйлесімді қозғалысты және техникалық шеберлікті көрсетті. Чемпионат көрермендерге эстетикалық әсер мен нағыз спорт рухын сыйлады.
Чемпионат 19 қазанға дейін жалғасады. Алда — балалар, жасөспірімдер, жас шабандоздар және ересектер санаттарындағы сайыстар. Бағдарламаға FEI тесттері енгізілген.

Демеушілер: Қазцинк, Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиадалық комитеті.

📍 Өтетін орны: Almaty Horse & Polo Club
📅 Өткізу мерзімі: 2025 жылғы 17–19 қазан

Нәтижелер

Back to top button