Жаңалықтар

Алматы облысында Қазақстан Республикасының атпен мәнерлеп жүру чемпионаты өтеді

17–19 қазан аралығында Алматы облысында орналасқан «Almaty Horse & Polo Club» базасында атпен мәнерлеп жүру (выездка) бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді.

Чемпионат үш күнге созылып, бірнеше санат бойынша ұйымдастырылады:

  • Балалар
  • Жасөспірімдер
  • Юниорлар
  • Жас жылқылар
  • Ересектер

Бағдарламаға FEI сынақтары енгізілген.

Елдің ең мықты шабандоздары чемпионат аясында шеберлігін паш етіп, көрермендерге әсемдік пен сымбаттың, үйлесім мен талғамның әсерін сыйлайды.

Ұйымдастырушылар жарыстың демеушілеріне — Kaзцинк компаниясына және Қазақстанның Ұлттық Олимпиадалық комитетіне елімізде ат спортының дамуына қосқан үлесі мен қолдауы үшін алғыс білдіреді.

Чемпионаттың онлайн бағдарламасымен төмендегі сілтеме арқылы танысуға болады:

Бағдарлама

Back to top button