Жаңалықтар

Ислам Исламов Ханты-Мансийскіде өткен конкур жарысында жүлдегер атанды

Ханты-Мансийск қаласында басталған Бүкілресейлік конкур жарысында қазақстандық спортшы Ислам Исламов жүлдеге ие болды.

Кіші шеңбер бағдарламасы аясында ол Барсалла Д Лорен есімді тұлпарымен 115 см биіктіктегі маршрутты сәтті өтіп,  3-орын иеленді. Бұл нәтиже — шабандоз бен тұлпар арасындағы үйлесімділік пен шеберліктің көрсеткіші.

Айта кетейік, жарысқа Ресейдің түрлі аймақтарынан, сондай-ақ жақын шетелден келген мықты спортшылар қатысуда. Қазақстандық шабандоздың бұл жетістігі — еліміздің ат спорты саласындағы тұрақты дамуы мен халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін көрсетеді.

Спортшымызды құттықтаймыз және алдағы жарыстарда табыс тілейміз!

Back to top button