Жаңалықтар

«Prestige кубогы» — балалар мен жасөспірімдерге арналған конкур жарыстары өтті

Prestige Horse Club аумағында Қазақстан Республикасы Ат спорты федерациясының қолдауымен «Prestige кубогы» атты балалар мен жасөспірімдерге арналған конкур жарыстары өтті.

Жарысқа 12-16 жас аралығындағы Астананың түрлі клубтарынан келген 20 спортшы қатысып, 110 см биіктіктегі кедергілерді бағындырудан сынға түсті.

Нәтижелері:
1 орын – Нұрлы Медетхан мен тұлпары Бүркіт (Prestige Horse Club)
2 орын – Алина Бигалиева және Diaz13 (Prestige Horse Club)
3 орын – Карина Най мен Примач («Көкпар Астана» клубы)

Жеңімпаздарға медальдар, сертификаттар және ақшалай сыйлықтар табысталды. 4-5 орын алған қатысушыларға сертификаттар мен ақшалай сыйақылар берілді.


Көрермендер үшін бұл күні әсерлі шоу-бағдарлама ұсынылды: жамбы ату, сирек тұқымды аттардың көрмесі және этно-музыкалық сүйемелдеу ат спортына қызығушылық танытқан жұртшылыққа мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Back to top button