Жаңалықтар
Ахметов Дәурен Берікұлы «Қазақстан Республикасы Ат спорты федерациясы» РҚБ вице-президенті лауазымына тағайындалды

Ахметов Дәурен Берікұлы «Қазақстан Республикасы Ат спорты федерациясы» РҚБ вице-президенті лауазымына тағайындалды.
Ақпараттық технологиялар саласында 16 жылдық басқарушылық тәжірибесі бар, заң ғылымдарының магистрі. Стратегиялық басқару, цифрландыру және құқықтық реттеу салаларындағы терең құзыреттері Ат спорты федерациясының жұмысын жүйелі түрде дамытуға және тиімді жүзеге асыруға өз үлесін қосатынына сенімдіміз.
Жаңа қызметпен құттықтай отырып, кәсіби табыс пен сәттілік тілейміз!