Қазақстандық шабандоздар атпен мәнерлеп жүруде халықаралық жетістіктерге жетуде

Атпен мәнерлеп жүру – шабандоз бен жылқының техникалық шеберлігі, үйлесімін көрсететін ең әсем олимпиадалық ат спорты түрі болып саналады.
Биыл қазақстандық спортшылар халықаралық турнирлерде жақсы нәтиже көрсетті:
Қырғызстанда Бішкек қаласында өткен халықаралық турнирде – жеке және командалық есепте 2-орын. Астанадағы халықаралық турнирде және Беларусияда жастар арасындағы халықаралық жарыстарда командалық есепте 3-орын.
Екатерина Безбородова, Атпен мәнерлеп жүру департаментінің директоры:
«Соңғы жылдары бұл спорт түріне деген қызығушылық артып келеді, спортшылар мен жылқылардың саны біртіндеп көбейіп жатыр. Біз бұл бағыттың алдағы уақытта дамып, әлеуетінің артуына сенім артамыз. Қазіргі таңда спортшыларымыз халықаралық жарыстарға және Азиада ойындарына белсенді түрде дайындалып жатыр».