Жаңалықтар

Блиц-сұхбат: Ксения Баталова

Біздің кейіпкерлеріміз – Ксения Баталова мен оның спорттағы сенімді серігі Леди Ди. Ксенияның үлкен спорттағы тәжірибесі – он жылға жуық. Бұл жұп алғашқы жарыстардан бастап халықаралық жеңістерге дейін талай белесті бірге еңсеріп келеді.

Леди Ди өміріңізге қалай келді?
– Леди Димен алғаш танысқан кезде ол небары 3 жаста болатын. Ашығын айтсам, ол маған ерекше әсер қалдырған жоқ, тіпті оған мінгім де келмеді. Біз қандай да бір жетістіктерге жетеміз деп еш ойламадым.

Леди Ди жарыстарда несімен ерекшеленеді?
– Жарыстарда ол нағыз жауынгер: өзінің міндетін айқын түсінеді, күшті әрі батыл. Мұндай мінезсіз биік кедергілерді еңсеру мүмкін емес. Жарыс жолында біз тұтас командамыз, дәл осы үйлесім табысты өнер көрсетуіміздің кілті.

Ал үйде ол қандай?
– Үйде ол мүлде басқа, тыныш, мейірімді, сабырлы. Рахаттанып тамақтанады, көп ұйықтайды және жаттығудан кейін жайылымда серуендегенді ұнатады. Яғни жылқыға тән толыққанды рахаттана өмір сүруде.

Шыққан тегіне тоқталсаңыз?
– Леди Ди – арғы тегі KWPN тұқымдас голландиялық жылқы. Ең бастысы, ол Қазақстанда туған және осында тәрбиеленген Гран-при деңгейіндегі жалғыз жылқы. Бұл оны ерекше етеді. Себебі халықаралық деңгейдегі жарыстарға қатысатын елдегі тұлпарлар көбінесе Еуропадан әкелінеді.

Сіз үшін маңызды жетістіктер қандай?
– Ең маңыздысы – биыл Ташкентте өткен 160 см. квалификациялық маршрут, онда біз 2-орын иелендік. Соңғы екі жылда Әлем Кубогы кезеңдерінде, Мәскеудегі Гран-при және республикалық жарыстарда бірқатар жүлделі орындарға ие болдық. Бұл жетістіктер біз үшін аса маңызды!

Back to top button