Жаңалықтар

«Казцинк» Қазақстанда ат спортының дамуын қолдайды

Елдегі ірі тау-кен металлургия компанияларының бірі – «Казцинк» ЖШС Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитеті және Қазақстан Ат спорты федерациясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Компания бөлетін қаражат олимпиадалық бағыттағы басым спорт түрлерін, оның ішінде өсу әлеуеті жоғары ат спортын дамытуға бағытталады. «Казцинк» ЖШС бас директоры Жанат Жанботин атап өткендей, дене шынықтыру мен спортты дамыту – компанияның әлеуметтік саясатының маңызды бөлігі болып табылады.

«Біз еліміздегі спорттық бастамаларды белсенді түрде қолдаймыз және Қазақстанда ат спортының дамуына үлес қосуға қуаныштымыз», – деді ол.

Back to top button