Жаңалықтар

Конкурдан ҚР Кубогының 1-күн нәтижелері

20–22 маусым аралығында «Арғымақ» ат-спорттық сауықтыру кешенінің базасында ат спорты күнтізбесіндегі маңызды жарыстардың бірі – конкурдан Қазақстан Республикасының Кубогы (кедергілерден өту) өтіп жатыр.

Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Алматы облысынан келген 30-дан астам спортшы жүлделі орындарды сарапқа салуда. Қатысушылар 120-дан 145 см-ге дейінгі әртүрлі биіктіктегі алты бағытта өз шеберліктерін көрсетеді.

Бүгін жарыстың алғашқы күні өтті. Спортшылар 120 және 130 см биіктіктегі кедергілерден өту сайыстарында бақ сынады.

120 см бағыты бойынша нәтижелер:
1-орын – Нурила Турисбекова (Цендер де Реве)
2-орын – Жасұлан Байтаев (Кэшмэйкер)
3-орын – Бекжан Байжанұлы (Кинг Диаманд)

130 см бағыты бойынша нәтижелер:
1-орын – Шыңғыс Маликаждар (Несме)
2-орын – Ислам Исламов (Барсалла Д Лорен)
3-орын – Бекжан Байжанұлы (Кинг Диаманд)

Back to top button