Жаңалықтар

Еуразия Лигасы Әлем Кубогының кезеңі: бірінші күн нәтижелері

30 мамырда Астанада ат спорты бойынша Еуразия Лигасы Әлем Кубогының кезеңі басталды. Халықаралық турнирге Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Армения және Грузия елдерінен келген шабандоздар қатысып жатыр.

Жарыс жалғасып жатыр. Турнир Астанадағы «Арғымақ» ат спорты кешенінде өтуде.

Бірінші күннің нәтижелері:

🔹 Еуразия Лигасы Әлем Кубогы, конкур 125 см 
Жеңімпаздар:

🥇 Андрей Тряпицын (Қырғызстан)
🥈 Хуршидбек Алимджанов (Өзбекстан)
🥉 Даяна Оңаева (Қазақстан)

🔹 Maxima Masters Eurasia шағын кубогы – конкур 125 см 
Жеңімпаздар:

🥇 Бекжан Байжанұлы (Қазақстан)
🥈 Андрей Тряпицын (Қырғызстан)
🥉 Хуршидбек Алимджанов (Өзбекстан)

🔹 Еуразия Лигасы Әлем Кубогы, конкур 140 см
Жеңімпаздар:

🥇 Хуршидбек Алимджанов (Өзбекстан)
🥈 Акбар Шарипов (Өзбекстан)
🥉 Бекзод Курбанов (Өзбекстан)

🔹 Атпен мәнерлеп жүру, Prix St. Georges
Жеңімпаздар:
1 орын – Алена Деревянко (Өзбекстан)
2 орын – Екатерина Каркавцева (Қырғызстан)
3 орын – Елена Чистякова (Өзбекстан)

Командалық есеп:
1 орын – Өзбекстан құрамасы
2 орын – Қырғызстан құрамасы
3 орын – Қазақстан құрамасы

Back to top button