Жаңалықтар

Астанада ат спортынан ауқымды халықаралық жарыстар өтеді

30 мамыр 1 маусым аралығында Астана қ. «Арғымақ» ат-спорттық сауықтыру кешені базасында ауқымды халықаралық жарыстар – конкурдан Еуразиялық Лиганың Әлем Кубогының кезеңі (FEI CSI 1*-W) және Атпен мәнерлеп жүру бойынша халықаралық турнир (FEI CDI 1*) өтеді.

Жарысқа алыс және жақын шетелден алты елдің мықты құрама командалары қатысады деп күтілуде. Іс-шара халықаралық стандарттарға сәйкес Халықаралық ат спорты Федерациясының (FEI) қолдауымен өткізіледі.

Үш күн ішінде 60-тан аса үздік спортшы әр түрлі кедергілерден тұратын  маршруттар мен  атпен жүруден  өз шеберліктерін көрсетеді деп жоспарлануда.

Конкур – ол жылқының және шабандоздың кедергілерден өту қабілетін анықтайтын олимпиадалық спорт түрі. Мақсат – қашықтықты қателіксіз әрі мүмкіндігінше қысқа уақыт ішінде еңсеру.

Атпен мәнерлеп жүру – ат спортының жоғары деңгейі, мұнда шабандоз бен ат арнайы аренада дәлдікпен және үйлесімділікпен түрлі қимылдарды орындайды.

Астанада Әлем Кубогының кезеңін Қазақстанда өткізу ат спортына деген қызығушылықтың артып келе жатқанын көрсетеді. Бұл – тек ел үшін ғана емес, барлық ат спорты жанкүйерлері үшін маңызды спорттық іс-шара болмақ. Ауқымды деңгейдегі жарыстар қазақстандық спортшыларға өз шеберліктерін арттырып, шетелдің мықты шабандоздарымен бәсекеге түсіп,  халықаралық турнирлерге біліктілік жолдамаларын алу мүмкіндігін береді.

Анықтама үшін:

2025 жылға арналған Әлем Кубогы кезеңдерінің Еуразиялық Лигасы сегіз кезеңнен тұрады: Ташкент қ. — 1 (Өзбекстан), Ташкент қ. — 2 (Өзбекстан), Бішкек қ.- 3( Қырғызстан), Астана қ. — 4 (Қазақстан), Тбилиси қ. — 5 (Грузия), 6-шы Тбилиси қ. (Грузия), 7 — Ереван қ. (Армения), 8- Тегеран қ. (Иран). Еуразиялық Әлем Кубогы кезеңдері лигасының «Grand Prix» бас маршрутының қорытындысы бойынша 2025 жылғы конкур бойынша Әлем Кубогының финалына лицензия ойналады.

ҚР Ат спорты федерациясының баспасөз қызметі

БАҚ аккредиттеу: +7 705 185 6366, +7 777 483 9118

Back to top button