Жаңалықтар

Жас шабандоздар Челябинскте өткен жарыста үздік нәтиже көрсетті

16–20 сәуір аралығында Ресейдің Челябинск қаласындағы «Рифей» Олимпиада резервінің спорт мектебі базасында конкур спортынан облыстық жарыстар өтті.

Сайысқа Қазақстан командасы арнайы шақырумен қатысты.

Екі күнге созылған жарыс барысында спортшылар түрлі санаттар бойынша бақтарын сынады: балалар, жасөспірімдер, ересектер және жас тұлпарлар.

Атап өткен жөн, «Балалар» категориясы (12–14 жас) үшін бұл шетелдегі жарыстарда алғаш шығуы. Дегенмен, жас спортшылар сәтті өнер көрсетіп, жарыстың барлық талаптарын орындай білді.

Жарыс қорытындысы бойынша шабандоздардың нәтижесі:
• 12 бірінші орын
• 10 екінші орын
• 11 үшінші орын

Бұл жарыс балалар арасында ат спортын дамыту бағытындағы жұмыстардың маңыздылығын тағы бір мәрте көрсетті.

Ерте жастан халықаралық деңгейдегі сайыстарға қатысу – жас спортшылардың техникалық шеберлігін арттырып қана қоймай, сенімділік, тәртіп пен жауапкершілік сияқты маңызды қасиеттерді де қалыптастырады.

Қазақстанда ат спортының болашағы зор. Соңғы жылдары бұл спорт түріне қызығушылық танытатын жасөспірімдер саны артып келеді.

Аймақтардағы ат спорты мектептері мен клубтарының белсенді жұмысы еліміздің атынан әлемдік ареналарда өнер көрсететін жаңа буын спортшылардың қалыптасуына жол ашып отыр.

Back to top button