Жас жылқылар арасында үздіктер анықталды

Алматы облысындағы «Қобыланды» ат зауытында мәнерлеп жүруден өткен жас жылқылар арасындағы Қазақстан чемпионаты қорытындыланды.
Турнирдің басты мақсаты – болашағынан үміт күттіретін спорттық жылқыларды анықтау және оларды түрлі деңгейдегі беделді жарыстарға дайындау.
Республикалық жарыс бағдарламасына Халықаралық ат спорты федерациясының (FEI) төрт жас санаты бойынша бағдарламалары енді, атап айтқанда 4, 5, 6 және 7 жастағы жылқыларға арналған сынақтар өткізілді. Төрешілер алқасы сәйгүліктердің жүріс-тұрысын, тепе-теңдігін және жалпы спорттық мүмкіндіктерін бағалады.
Жарыс қорытындысы бойынша әр жас тобындағы жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықталды.
4 жастағы жылқылар арасында:
1-орын — Камилла Рахматуллина және CON CAIIBER ANI
2-орын — Камилла Рахматуллина және CANDY GIRL
3-орын — Альмира Юсупова және REMARK AST
5 жастағы жылқылар арасында:
1-орын — Равиль Турсунов және ЭБОР
2-орын — Равиль Турсунов және ЛЕПЕСТОК
3-орын — Альмира Юсупова және Grace
6 жастағы жылқылар арасында:
1-орын — Дарья Овсянникова және SARDAR
2-орын — Эмилия Охотинская және КАРТЭЛЬ
3-орын — Дарья Герасименко және ФРЕДДИ алды.
Үздік шыққандар Чемпионаттың медальдарымен және дипломдарымен марапатталды.