Конку́р (фр. concours hippique — ат жарысы) — конкур алаңында белгіленген тәртіпте және белгілі бір қиындық пен биіктікте кедергілерді өту бойынша жарыстар.

Конкур — ең бейнелі ат спорты түрлерінің бірі. Оған табысты қатысу үшін спортшының және жылқының ұзақ және табанды жаттығуы қажет. Шабандоз батыл әрі табанды болуы, топшылай, жылқыны басқару өнерін жетік білуі, жақсы физикалық дайындықта болуы тиіс. Жылқыдан үлкен күш, кедергіге қуатты келу және аяқпен итеру, қимылдардың жоғарғы координациясы, кедергіден секірген және жерге түскен кезде тепе-теңдікті сақтай білуі, сондай-ақ қимылдардың икемділігі және ырғақтылығы талап етіледі.  

Тарихы

Конкурдың отаны Франция болып есептеледі. XIX ғасырдың елуінші жылдары жылқылардың париждік көрмесінде «конкур-иппик» атауын иеленген түрлі кедергілерден секіру бойынша алғаш жарыс жүргізілді.

XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап конкур-иппиктер Бельгия мен Италияда, 1895 жылдан бастап Ресейде, кейін Германия мен Америкада өткізіле бастады. Содан кейін қысқаша конкур деп атала бастаған ойындар Британ аралдарына да бейімделді. Кавалеристтер үшін секіру жарыстарының өзектілігі және ат спортына құмар адамдардың оған асқан қызығушылығы конкурды халықаралық спорт аясына әкелді.

Конкурларды өткізу ауқымы кеңейді, секіру техникасы және конкурлық жүру тактикасы жетілдірілді. Спорттың бұл түрінің танымалдығы өсті. Нәтижесінде, 1900 жылы секіру жарыстары Париждегі II Олимпиада ойындарының бағдарламасына қосылды.

 

 

Конкур түрлері

Конкур бойынша жарыстардың сан алуан түрі бар, мысалы:

«Өз бағыты» — Әр қатысушының міндеті ұйымдастырушылар ұсынған кедергілердің барлығынан өз бағытын құру. Өз бағытын құрған кезде шабандоздарға шабандоз+жылқы өз жұбының жеке ерекшеліктерін ескеріп, осылайша барлық ыңғайлы жолдарды және қашықтықты «кесіп өту» нұсқаларын есептеуге мүмкіндік беріледі.

 «Айнадай» — «Айнадай» бағыттың принципі «Шығып қалу ойынына» негізделеді. Бір уақытта шабандоз+жылқы екі жұбы әр түрлі алаңдарда бірдей маршруттан өтеді. Маршрутты нашар өткен жұп жарыстан шығады, ал жақсырақ жұпқа келесі қатысушыны шығарады. Жарысты соңғы жеңген қатысушы жеңімпаз болады.

 «Қиындық дәрежесінің артуы бойынша» — «Қиындық дәрежесінің артуы бойынша» конкур біртіндеп қиындай түсетін алты, сегіз немесе он кедергісі бар маршрутта өткізіледі. Қиындық дәрежесі тек биіктік немесе ені есебінен ғана емес, сол секілді маршрутта олардың орналасу схемасы есебінен артады. Ұпайлар әр өтілген кедергі үшін беріледі: бірінші кедергі үшін бір ұпай, екіншісі үшін екеу, үшіншісі үшін үшеу және т.с.с.

 «Аңшы паркуры» — Міндетті маршруты жоқ кедергілерді өту бойынша жарыс. Жарыс туралы ережеде тек кедергілердің саны және биіктігі көрсетіледі (кедергілер жүйесін бұл ретте қоймайды), ал оларды өту кезектілігін шабандоздар өздері таңдайды. Барлық кедергілерден өткен және ең аз айып ұпайларын жинаған спортшы жеңеді. Нәтижелер тең болған жағдайда аңшы паркурын өтудің ең жақсы уақытын көрсеткен спортшы жеңімпаз атанады. Бағалау тек уақыт бойынша ғана жүргізілмейді. Бұл жағдайда құлағаны және алғаш екі бағынбаушылық үшін автоматты түрде артық шығындалған уақытпен айып ұпайлар беріледі, ал кедергілерді бұзғаны үшін айып ұпайларын емес, секундарты есептейді (арнайы кесте бойынша), оларды кейін аңшы паркурын өту уақытына қосады.

 «Стильге» — Конкурдың бұл түрінде ұпайлар ат үйрету бойынша жарыстарда тәрізді ұпайлар жүйесі бойынша беріледі. Төрешілер отыруды, сол секілді шабандоздың әрекеттерін, жылқының техникасын және де жұптың жұмысын бағалайды. Маршрут аяқталған соң, шабандозға жалпы пайыз көрсетілген нәтижелері бар хаттама беріледі (ол бойынша жарыс нәтижесі есептеледі).

 «Уақыт нормасына жақындатылған» — Конкурдың бұл түрінде шабандоз ұйымдастырушылар белгілеген уақыт нормасына ең жақын нәтижені көрсетуі тиіс. Айыптар жүйесі классикалық конкурдағыдай.

 «Секіру қуаттылығына» — Секіру қуаттылығына жарыстар (пьюсанс) бірнеше гиттерден құралады, олардың барысында шабандоздар келесі шеңберге өту үшін маршрутты таза өтуі тиіс. Әр гиттен соң кедергілер жоғарырақ және жалпы қиынырақ болады. Жарыстың соңына қарай қабырға 2,25 м дейін жетуі мүмкін. Әдетте нәтижелер төртінші гиттен соң қорытылады. Егер төрт гиттен соң бірнеше шабандоздың ұпайлар саны бірдей болса, жүлде қаражаты олардың арасында бөлінеді.

 «Қайта секірумен классикалық жылдамдыққа» — Классикалық конкур жылқының және шабандоздың кедергілерден өту қабілеттерін анықтауға арналған. Маршрутты өту тазалығы және жүйріктігі ескеріледі. Егер екі және одан астам шабандоз гитті таза немесе бірдей қателер санымен өтсе, нәтиже бір, ары кетсе екі қайта секіруді өткізу арқылы анықталады. Қайта секіру кезінде ең аз қателер санымен ең аз уақыт жеңісті болып есептеледі. 

 

Ережелері

Аренаның (алаңның) өлшемдері

FEI (Халықаралық ат спорты федерациясы) ережелері бойынша конкур үшін ашық аренаның ауданы 3200 шаршы метрден кем болмауы тиіс. Ең кіші жағы 40 м-ден кем болмауы тиіс. Пониге арналған конкур ауданы кем дегенде 2400 шаршы метр аренада өткізілуі мүмкін. Жабық конкур манежі ауданының ені кем дегенде 20 м болатын 1200 м² кем болмауы тиіс.

Дене құрысын жазуға арналған алаңның және жаттығу өрісінің өлшемдері

Ашық жаттығу өрісінің минималды өлшемдері — 15 м × 35 м. «Конкур Иппик» және жабық орынжайларда өткізілетін жарыстар үшін дене құрысын жазуға арналған алаң мен жаттығу өрісінің ені кем дегенде 15 м және минималды ауданы 400 шаршы м болуы тиіс. Жаттығу өрісінде кем дегенде бір биіктікті және бір ендікті кедергі болуы тиіс.

Қоңырау

Қоңырау қатысушыларға белгі беруге арналған, мысалы: келесі қатысушыға алаңға шығуға дайындалу

  • өнер көрсетудің басталуы туралы белгі
  • өнер көрсетушіні
  • қатысушыны тоқтатқан соң, оған өнер көрсетуді жалғастыруға рұқсат
  • қатысушыны дисквалификациялау (ұзақ қоңырау немесе 3 рет қоңырау соғу)

Егер қатысушы тоқтау туралы белгіден соң тоқтамаса, оны дисквалификациялауы мүмкін. Тоқтатқан соң, өнер көрсетуді тиісті белгіні күтпестен жалғастыру, сондай-ақ, дисквалификациялауға әкеп соғады.

Жалаушалар

Кедергінің шекарасы бойынша жалаушалар орнатылуы тиіс. Ендікті кедергіде кем дегенде екі қызыл және екі ақ жалауша болуы тиіс. Қатысушыға әрдайым кедергіні ақ жалауша сол жақта, ал қызыл жалауша оң жақта болатындай өту талап етіледі.

Өнер көрсету уақыты

Сағат гит уақытын есептеуді салт атты және жылқы сөре сызығын өткенде бастап, олар мәре сызығын өткенге дейін жалғастырады.

«Қайта секіру»

Егер екі және одан көп қатысушылар гитті таза немесе айып ұпайларының бірдей санымен өтсе, бірдей нәтижелері бар барлық қатысушылар маршрутты қайта өтеді, ол, әдетте, қысқарақ, бірақ бір немесе екі қосымша кедергісі болуы мүмкін. Айып ұпайлары ең аз және қайта секіру маршрутын өтуге шығындаған уақыты ең аз шабандоз жеңімпаз болып есептеледі.

Маршрут

Қатысушы сөре сызығынан мәре жалаушасына дейін өтуі тиіс қашықтық маршрут деп аталады. Маршруттағы кедергілер, қатысушы кез келген маршрутты өзі таңдай алатын жарыстарды қоспағанда, міндетті өту тәртібінде нөмірленген.

Маршрутты көрсету

Конкур қатысушыларына кедергілердің орналасу схемасымен танысу үшін маршрут бойынша бір рет өтуге мүмкіндік беріледі (тиісті киімде). Алаңға жұмыс киімін киіп шығуға тыйым салынады. Қатысушыларға кедергілерге жақыннан қарауға және оларды қалай өту дұрыс екендігі туралы шешім қабылдауға рұқсат етіледі. Кедергілерден өткені үшін ұпайларды қосындылайтын маршруттарда шабандоз, сондай-ақ өз жылқысының қабілеттеріне сәйкес ол қандай кедергілерде барынша көп ұпай жинай алатындығын ойластыру қажет. Шабандоз, сондай-ақ, кедергілер орналасқан топырақтың жағдайын қарап, түрлі кедергілердің өлшемдерін анықтайды.

Маршрутты құрастырушы

Маршрутты құрастырушы (курс-дизайнер) оны қатысушыларды, сол секілді көрермендерді қызықтыруды ескере отырып, салады. Кедергілер жылқыға гитті таза өту мүмкіндігін беретіндей орналасуы тиіс. Тәжірибелі маршрут құрастырушылар жылқылар қалай секіретіндігін және секіру кезінде қандай қиыншылықтар болатындығын жақсы біледі. Маршрутты жобалаған және орналастырған кезде құрастырушы қатысушылардың деңгейін ескеруі және кедергілердің қиындық дәрежесі қатысуға өтінім бергендердің тәжірибесіне сәйкестігін қамтамасыз етуі тиіс. Жарыс басталар алдында жарты сағат бұрын маршрутты құрастырушы алаңға шығу жеріне барынша жақын маршруттың егжей-тегжейлі схемасын іледі. Төрешілерге де схеманың көшірмесі беріледі.

«Конкурстан тыс»

«Конкурстан тыс» терминімен конкурстан тыс қатысушы белгіленеді. «Конкурстан тыс» шабандоз-жылқы жұбы жүлдеге үміткер бола алмайды, өтілген гит үшін ұпайлар алмастырылып, басқа сыныпта немесе жарыста ескерілмейді. Көрсетілген шеберліктің жоғарғы деңгейіне қарамастан конкурстан тыс қатысушыларға қайта секіруге қатысуға тыйым салынады.

Төрешілер

120 адамнан аспайтын қатысушылар құрамы бар конкур бойынша жарыста үш төреші төрелік етеді. Егер бір күн ішінде болжалды 120 гиттен астам өтілетін болса, төрт төреші болуы тиіс, ал 200 гиттен асқан жағдайда жюри кем дегенде бес төрешіден құралуы тиіс. Су кедергісі болған жағдайда қосымша төреші бөлінуі тиіс. Егер гиттер саны 50-ден аспаса, екі төрешінің болуы жеткілікті.

Төрешілерге сәлем беру

Конкурдың әр қатысушысы төрешілерге сәлем беруі тиіс. Қолды төмен түсіру және басты ию арқылы Сіз өз құрметіңізді көрсетесіз. Қазіргі теңдік және иекте байланған қорғаныс каскеткалары уақытында ерлер де, әйелдер де бас киімдерін шешпейді.

Конкур үшін белгіленген киім үлгісі

Ережелер жылқы мен шабандоздың таңнан бастап әдемі және тиянақты болуын талап етеді. Өз киім үлгісі бар қауымдастықтардың мүшелері жарысқа қатысқан және маршрутты өткен кезде өз қауымдастығының киімін киюі тиіс. Өзге жағдайда әйел шабандоздар атпен жүруге арналған редингот киюі керек. Ерлер ақ галстугы бар редингот киеді. Халықаралық жарыста рединготтың түсі шабандоздың ұлттық тиесілігіне байланысты анықталуы мүмкін. Ирландияның шабандоздары жасыл редингот киеді. Қорғаныс каскасы міндетті. Қамшыға рұқсат берілген, бірақ олардың ұзындығы 750 мм-ден аспауы тиіс. Шабандоздарға кез келген деңгейдегі конкур жарысында өкшелік киюге рұқсат берілген, бірақ өкшеліктердің өткір ұштары төмен және сыртқа бағытталуы тиіс. Оған қоса костюмнің қажетті керек-жарақтары – атпен жүруге арналған етік немесе ағытпалы қоныш, бриджи және көйлек. Ауа-райы ерекше ыстық болған жағдайда төрешілер рединготтың міндетті еместігі туралы шешім қабылдауы мүмкін.

Жарыс қатысушыларына өріске жеңі жоқ күртке, пуловер немесе поло-жейде киіп шығуға тыйым салынады. Бұлыңғыр ауа-райы кезінде төрешілер плащ киюге рұқсат беруі мүмкін. Әскери немесе полиция бөлімшелеріне тиесілі жарыс қатысушыларына өз киім үлгісін киюге рұқсат беріледі. Конкур бойынша балаларға арналған жарыста киім тиісті, қолайлы және қарапайым болуы тиіс. 

 

Кедергілердің түрлері

Конкурда кедергілердің сан алуан түрі бар, оларды өту үшін жылқы күшінің түрлі мөлшері жұмсалады.

  • Крестовина — биіктікті кедергі, сырықтары екі бағанада айқыш-ұйқыш орналасады, бұл ретте сырықтың бір соңы, қарама-қарсы бағанға бекітілген екіншісіне қарағанда, бірінші бағанның жоғары жағына бекітіледі.
  • Чухонец — сырықты қаша түріндегі биіктікті кедергі, сырықтар екі бағанға бекітілген.
  • Кішкене есік — ені шамамен 2 метр болатын тік кедергі, құраушы элементі бағандарда еркін ілулі тұрады.
  • Қабырға (банер) — биіктікті кедергі. Ағаш блоктардан бітеу қабырға түрінде жасалған.
  • Үшайыр (пирамида, трипль-бар) — ендікті кедергі. Қоссырықтар принципі тәрізді, бірақ 3 параллель сырықтан құралады.
  • Арық — ендікті кедергі, ірі жарыстардың маршруттар құрамына міндетті түрде кіруі тиіс. Арық құрғақ немесе дымқыл болуы мүмкін. Арықтың ені - 200-450 см.
  • Шлагбаум — түрі бойынша темір жол торабындағы шлагбаумға ұқсас биіктікті кедергі - екі бағанада орналасқан ұзартылған үшбұрыш түрінде.
  • Джокер — қиындық дәрежесі жоғары кедергі түрі, «Джокермен бірге» маршрутында ғана қолданылады. Ілмелі және қоссырық түрінде болуы мүмкін, мысалы: тек үстіңгі сырықтары бар ені үлкен қоссырықтар. Әдетте, маршруттың соңғы кедергісіне балама болады.
  • Оксер (қоссырықтар) — жылқыны белгілі бір биіктік пен енді алуға мәжбүрлейтін ендікті кедергі болып табылады. Егер алдыңғы және артқы қоссырықтар бірдей биіктікте орналасса, бұл тік оксер, бірақ егер кедергінің соңғы сырығы жоғарырақ болса, кедергі «бірте-бірте» оксер деп аталады. Жоғарылауы жерден секіру жағынан немесе қону жағынан біртіндеп өзгеретін кедергілерді параллельділерге қарағанда жылқылар айтарлықтай жеңілірек алады, себебі параллель кедергілер кезінде жылқыға биіктігі мен ені бір деңгейдегі кедергілерден өту талап етіледі. Егер оксер бірнеше элементтен құралса да, ол бәрібір бір секіру арқылы өтілетін дара кедергі болып есептеледі.

Сондай-ақ жүйелер бар. Бұл бір-бірінен бір/екі/үш қарқын (қиындығына қарай) аралықта орналасқан бірнеше кедергі. Кедергілердің санына байланысты жүйе қос немесе үштік болуы мүмкін. 

Мәлімет көзі: Уикипедия