Жаңалықтар

Қазақстан алғаш рет FEI Jumping World Challenge финалын өткізеді

Жақында Лозаннада біздің делегация үшін маңызды күн өтті. Делегацины Федерация президенті Рүстем Баялиев басқарды. Қазақстан өз тарихында алғаш рет әлемнің 20 елінен шабандоздар қатысатын FEI Jumping World Challenge 2026 финалын өткізуге дайындалып жатыр 🇰🇿

Қазір біз FEI ынтымақтастық комитетімен бірге білім беру бағытында нақты жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Мамыр айында Астанада жаттықтырушылар мен ат спорты клубтарының менеджерлеріне арналған курстар өтеді. Біздің ветеринарлар мен үздік спортшылар Еуропада тәжірибе жинап қайтады. Бұл жұмыстар ұлттық құраманы Токиода өтетін Азия ойындарына сапалы дайындауға бағытталған.

Күннің ең маңызды сәті FEI президенті Ингмар Де Вос пен бас хатшы Сабрина Ибанеспен кездесу болды. Халықаралық федерация басшылары біздің атқарған жұмыстарымызды жоғары бағалап, 26–31 мамыр күндері «Арғымақ» ат спорты кешенінде өтетін FEI Jumping World Challenge Final 2026 жарысына және Әлем кубогының кезеңіне қатысу туралы шақыруды ресми түрде қабылдады.

Back to top button