GRAND PRIX FREESTYLE “Grand Prix Maxima Masters Eurasian Stars”

GRAND PRIX FREESTYLE “Grand Prix Maxima Masters Eurasian Stars” бағдарламасы CDI 3* деңгейіндегі ең жауапты әрі күрделі жарыстардың бірі болды. Бұл сында спортшыдан тек техникалық шеберлік қана емес, музыкалық ырғақты сезіну, атпен толық үйлесім табу, әр қимылды дәл әрі көркем орындау талап етіледі.

Бұл бағдарламаға Өзбекстаннан келген спортшы Алина Шевцова ғана қатысты. CDI 3* деңгейіне шығу — үлкен дайындықты, тәжірибені және жоғары спорттық талаптарға сай болуды қажет етеді. Сол себепті бұл санатта қатысушылар саны аз болып, жарыс жолына жалғыз жұп шықты.

Алина Шевцова мен Zamperoni жұбы Grand Prix Freestyle бағдарламасын сенімді орындап, 66.385% нәтижемен жарысты аяқтады.

🥇 1 орын — Алина Шевцова / Zamperoni / Uzbekistan — 66.385%

Бұл нәтиже — шабандоздың табандылығының, атпен үйлесімді еңбегінің және үлкен спортқа деген кәсіби көзқарасының көрінісі.

Back to top button