Жаңалықтар
30 мамыр күні Астанада CSI-W FEI Jumping World Cup аясында 135 см биіктіктегі жарыс өтті

Бұл бағыт турнирдің екінші күніндегі маңызды старттардың бірі болды. Спортшылардан жоғары жинақылық, жылдамдық және қашықтықты дәл өту шеберлігі талап етілді. Аренада сенімді қарқын, әр кедергідегі дұрыс есеп және шабандоз бен аттың үйлесімді әрекеті шешуші рөл атқарды.
Жарыс нәтижесі:
🥇 1-орын — Хуршидбек Алимджанов (CHAMPIONS LEAGUE)
🥈 2-орын — Alisherjon ERKINOV (COOL DANCER)
🥉 3-орын — Oleg SOKOLENKO (SHENANIGAN)
Айта кетейік, қазақстандық спортшы Олег Соколенко SHENANIGAN атты серігімен үздік үштіктен көрініп, 3-орын иеленді.