Жаңалықтар
Алматы облысында атпен мәнерлеп жүруден Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді

2026 жылғы 10 мамырда Алматы облысындағы «Багист» ат-спорт кешенінде атпен мәнерлеп жүруден Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді.
Чемпионат жеке есепте ұйымдастырылып, еліміздің үздік шабандоздарын бір алаңға жинайды.
Жарыс бағдарламасы келесі жас санаттарын қамтиды:
балалар
жасөспірімдер
юниорлар
ересектер
Сайыс халықаралық FEI талаптарына сәйкес өтеді.
Чемпионат аясында қатысушылар өз шеберліктерін көрсетіп, көрермендерге дәлдік, үйлесім және эстетиканың жоғары деңгейін ұсынады.
📍 Өтетін орны: «Багист» АСК, Алматы облысы
📅 Күні: 10 мамыр 2026 жыл