Жаңалықтар
Геннадий Головкинді World Boxing президенті болып сайлануымен құттықтаймыз

Қазақстан Ат спорты федерациясы
халықаралық спорт қауымдастығы үшін тарихи оқиға болып саналатын бұл маңызды шешіммен
Геннадий Головкинді World Boxing федерациясының президенті болып сайлануымен шын жүректен құттықтайды.
Головкиннің әлемдік деңгейдегі беделі, үздіксіз еңбегі мен әділ спортқа деген адалдығы – бүкіл спорт саласына үлгі. Оның жаңа қызметі халықаралық бокс құрылымдарының дамуына, таза бәсекелестікті күшейтуге және жас спортшыларға жол ашуға зор ықпал ететініне сенімдіміз.
Қазақстан спортын әлемдік аренада тағы бір биікке көтерген бұл үлесіңіз үшін алғыс білдіреміз.
Сізге жаңа қызметте табыс, мықты денсаулық және жігер тілейміз!
Құрметпен, Рустам Баялиев және
Қазақстан Ат спорты федерациясы