Жаңалықтар

Қазақстан құрамасы 12 жылдан кейін Азия ойындарына оралады: конкур жарыстары 1, 3 және 4 қазанда өтеді

Қазақстанның ат спорты бойынша ұлттық құрамасы 12 жылдық үзілістен кейін Азия ойындарына қайта қатысады. Aichi–Nagoya 2026 ойындарында еліміздің намысын төрт шабандоз қорғайды.

Ұлттық құрама сапына Олег Соколенко, Раиса Соколенко, Нұрила Тұрысбекова және Ксения Баталова енді.

Қазақстандық спортшылар Жапонияның Токио қаласындағы JRA Equestrian Park аренасында конкур бағдарламасы бойынша бақ сынайды.

Жарыс кестесі:

  • 1 қазан — командалық конкур. Екі раунд және марапаттау рәсімі.

  • 3 қазан — жекелей сын. Кедергілер биіктігі: 145 және 155 см.

  • 4 қазан — жекелей сын. Кедергілер биіктігі: 150 және 155 см. Марапаттау рәсімі.

Қазақстан құрамасы командалық және жекелей сында өнер көрсетеді. Жарыс қорытындысы бойынша Азия ойындарының жүлдегерлері анықталады.

Қазақстан құрамасына сәттілік тілейміз!

Back to top button