Жаңалықтар

Федерация Кубогының бүкіл серия бойынша қорытынды додасы өтеді

25–26 қыркүйекте Алматы облысындағы «Батист» ат спорты кешенінде ҚР Ат спорты федерациясы Кубогының шешуші турнирі өтеді.
Турнирдің негізгі мақсаты – Қазақстанда ат спортын одан әрі дамыту және танымал ету, ұлттық құрама мүшелерінің шеберлігін арттыру, төрешілік сапасын және Қазақстанның ресми тұлғаларының кәсіби деңгейін көтеру, сондай-ақ болашағы зор шабандоздар мен спорттық жылқыларды анықтау. Финал жеке есепте өткізіледі.
Жарыс үш кезеңнен және финалдан тұрады. Финалда бақ сынау үшін «шабандоз – ат» жұбы жарыстың кемінде екі кезеңіне қатысуы қажет. Бірінші, екінші, үшінші кезеңдер мен финалдың қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен жұптар Федерация Кубогының иегері атанады.

Жарыс бағдарламасы келесідей:

25 қыркүйек
• Ветеринариялық инспекция
• Техникалық кеңес
• 5 жасар аттарға арналған FEI финалдық тесті
• 6 жасар аттарға арналған FEI финалдық тесті
• Кіші жүлде
• Командалық жүлде. Юниорлар
• Командалық жүлде. Балалар
• Командалық жүлде. Аймақтық ойындар
• Командалық жүлде. Жасөспірімдер
• Марапаттау рәсімі

26 қыркүйек
• FEI Challenge Cup арналған ветеринариялық инспекция
• КЮР. Орта жүлде №1
• КЮР. Юниорлар
• КЮР. Жасөспірімдер
• Аймақтық ойындар. Жеке жүлде
• FEI Challenge Cup. Орта тест
• Жеке жүлде. Балалар
• Марапаттау рәсімі

Жарыстың әр бағдарламасы бойынша жүлдегерлердің алғашқы үштігі кубок, медаль және дипломдармен марапатталады.

Back to top button