Жаңалықтар

Конкур бойынша жас жылқылар арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионатының жеңімпаздары анықталды

Астанада конкур бойынша жас жылқылар арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионаты өз мәресіне жетті. Екі күнге созылған жарыста еліміздің үздік спорттық жұптары бақ сынап, шабандоздар мен жас жылқылар жоғары дайындық деңгейін, шеберлігі мен өзара үйлесімділігін көрсетті. Нәтижесінде төрт жас санаты бойынша чемпиондар мен жүлдегерлер анықталды.

🏅 Чемпионат жеңімпаздары мен жүлдегерлері:

🐎 №1 маршрут | 7 жастағы жылқылар (120–130 см)
🥇 Бекжан Байжанұлы — King Diamond
🥈 Шыңғыс Мәлікаждар — Manfred Evans
🥉 Ануар Досмаилов — A Corvetta Z

🐎 №2 маршрут | 6 жастағы жылқылар (110–120 см)
🥇 Шыңғыс Мәлікаждар — Қараэль
🥈 Ануар Досмаилов — Google Me TH
🥉 Елизавета Лиманская — Cosmo Diamond

🐎 №3 маршрут | 5 жастағы жылқылар (100–110 см)
🥇 Азамат Хасенов — Леди ин Рэд AST
🥈 Ержан Мағжаев — Найман G
🥉 Бекжан Байжанұлы — Conquistador

🐎 №4 маршрут | 4 жастағы жылқылар (80–100 см)
🥇 Ғаппар Қылышбек — Адиат
🥈 Анель Хасенова — Сантана Прайм AST
🥉 Абзал Нарынбай — Graf

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді, жаттықтырушыларды және жылқы иелерін лайықты жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз!

Жас жылқылар чемпионаты – спорттық резервті қалыптастырудағы маңызды жарыстардың бірі. Осындай бәсекелерде болашақта халықаралық ареналарда Қазақстанның намысын қорғайтын мықты спорттық жұптардың іргетасы қаланады.

Барлық қатысушыларға жаңа белестерді бағындырып, таза маршруттар мен жарқын жеңістер тілейміз!

Back to top button