Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ат спорты федерациясы кубогының атпен мәнерлеп жүруден екінші кезеңі

2026 жылғы 20–21 маусым күндері Алматы облысындағы «Батист» ат спорты клубының аумағында Қазақстан Республикасы Ат спорты федерациясы кубогының атпен мәнерлеп жүруден екінші кезеңі өтеді.

Жарыс Федерация кубогы сериясы аясында ұйымдастырылып, жеке біріншілік форматында өткізіледі.

Турнирге әртүрлі жас санатындағы спортшылар – балалардан бастап ересек шабандоздарға дейін қатысады. Қатысушылар атпен мәнерлеп жүру дисциплинасында өздерінің дайындық деңгейін, техникалық шеберлігін және атпен үйлесімді жұмысын көрсетеді.

Жарыс бағдарламасына келесі санаттар енгізілген:
• Балалар
• Жасөспірімдер
• Жастар
• Кіші шеңбер
• Жас жылқылар
• Өңірлік ойындар
• FEI Challenge Cup

Федерация кубогы кезеңдерін өткізу Қазақстан Республикасында атпен мәнерлеп жүру спортын дамытуға, спортшылардың шеберлігін арттыруға және ұлттық әрі халықаралық жарыстарға дайындық деңгейін көтеруге ықпал етеді.

Барлық қатысушыларға сәтті өнер көрсетіп, жоғары нәтижелерге қол жеткізулеріне тілектеспіз.

📍 «Батист» ат спорты клубы, Алматы облысы
📅 2026 жылғы 20–21 маусым
🏇 Қазақстан Республикасы Ат спорты федерациясы 🇰🇿

Регламент

Back to top button