Астанада Қазақстан Республикасының конкур бойынша чемпионаты өтеді

2025 жылдың 31 қазанынан 2 қарашасына дейін Астана қаласында, «Арғымақ» атты Ат спорты-сауықтыру кешенінің аренасында Қазақстан Республикасының конкур (кедергілерді еңсеру) бойынша чемпионаты өтеді.
Жарыстар Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігінің және Қазақстан Республикасының Ат спорты федерациясының қолдауымен, 2025 жылғы спорттық іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес өткізіледі.
Бұл чемпионаттың мақсаты – елімізде ат спортын дамыту мен насихаттау, спортшылар мен төрешілердің шеберлігін арттыру, сондай-ақ ең үздік шабандоздар мен аттарды анықтау болып табылады.
Жарыс бағдарламасы
31 қазан 2025 жыл — Кедергілерді еңсеру
11:00 — Маршрут №1, «А» тобы, 238.2.1-бап, кедергі биіктігі 135 см дейін (іріктеу маршруты)
15:00 — Маршрут №2, «В» тобы, 238.2.1-бап, кедергі биіктігі 120 см дейін (іріктеу маршруты)
1 қараша 2025 жыл — Кедергілерді еңсеру
11:00 — Маршрут №3, «А» тобы, 273.3.4.2-бап, кедергі биіктігі 140 см дейін (екі айналым)
13:00 — Маршрут №4, «В» тобы, 273.3.4.2-бап, кедергі биіктігі 125 см дейін (екі айналым)
17:00 — Маршрут №4, «В» тобының екінші айналымы
2 қараша 2025 жыл — Кедергілерді еңсеру
11:00 — Маршрут №5, «А» тобы, 238.2.2-бап, кедергі биіктігі 145 см дейін
15:00 — Маршрут №6, «В» тобы, 238.2.2-бап, кедергі биіктігі 130 см дейін
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер маршрутарды ең аз айып ұпайымен және ең жақсы уақыт көрсеткішімен өту нәтижесі бойынша анықталады.
Үш күндік жарыстың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының конкур бойынша абсолютті чемпиондары аталады.
Чемпионат Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиадалық комитеті мен «Қазцинк» компаниясының қолдауымен өткізіледі.
Күндері: 2025 жылғы 31 қазан – 2 қараша
Мекенжайы: Астана қ., Нұра ауданы, Рождественская трассасы 3, «Арғымақ» Ат спорты-сауықтыру кешені
Кіру: тегін.
Ереже.