Жаңалықтар
Раиса Соколенко Евразиялық серия финалында топ жарды

Horseka Sport кешенінде өткен конкур бойынша Евразиялық серия турнирлерінің финалында шағын Гран-при жеңімпазы анықталды. Қазақстандық спортшы Раиса Соколенко өзінің Уран над Виграми атты мерінімен бірге 135 см биіктіктегі кедергілерден өтіп, бірінші орынды иеленді.
Жарысқа 5 елден келген 50 жұп қатысты. Негізгі бағытты айып ұпайынсыз 11 жұп еңсерді. Ұзақ уақыт бойы көш басында ресейлік спортшы тұрғанымен, оның 37,66 секундтық нәтижесінен 0,31 секундқа жақсы көрсеткіш көрсеткен Раиса алтын медальды жеңіп алды.
Раисаны бұл жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Халықаралық ареналарда жаңа табыстарға жете берсін!