Жаңалықтар

Астанада конкур бойынша ҚР Кубогы өтеді

20-22 маусым аралығында «Арғымақ» АССК базасында кедергілерді бағындыру (конкур) бойынша Қазақстан Республикасы кубогы ұйымдастырылады. Бұл шара конкурдан еліміздің мықты спортшыларының басын қосатын, әрі Қазақстанның ат спорты күнтізбесіндегі маңызды шаралардың бірі болып табылады.
Жарысқа еліміздің әр өңірінен шамамен 30 спортшы қатысады деп деп жоспарлануда. Олар екі санатта жарысып, түрлі биіктіктегі (120-ден 145 см-ге дейінгі) алты түрлі бағыттарды бағындырады.

Шара Халықаралық ат спорты федерациясының (FEI) халықаралық стандарттарына толық сәйкес ұйымдастырылып, әділ бағалау мен жоғары деңгейдегі төрешілікті қамтамасыз етеді. Жүлде қоры — 2 млн теңге. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктар мен дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

Конкур бойынша Қазақстан Республикасы кубогы – тек спорттық жарыс қана емес, сонымен қатар елде ат спортының дамуына бағытталған маңызды алаң. Жарыстың негізгі мақсаты – ұлттық құрама спортшыларының шеберлігін арттыру, болашағы бар шабандоздар мен тұлпарларды анықтау және конкур жарысын кеңірек насихаттау.

Өтетін орны: Астана қ., «Арғымақ» АССК, Қарқаралы тасжолы 1.
Күндер: 2025 ж. 20-22 маусым
Басталуы: күн сайын сағ.10:00

Жарыс кестесі:

Күні: 20.06.2025 ж.

Уақыты: 10:00 – Ашылу салтанаты
Уақыты: 11:00 – «Б» тобы, 1-ші маршрут, 120 см
Уақыты: 14:00 – «А» тобы, 2-ші маршрут, 130 см

Күні: 21.06.2025 ж.

Уақыты: 10:00 – «Б» тобы, 3-ші маршрут, 125 см
Уақыты: 14:00 – «А» тобы, 4-ші маршрут, 140 см дейін

Күні: 22.06.2025 ж.

Уақыты: 10:00 – «Б» тобы, 5-ші маршрут, 130 см
Уақыты: 14:00 – «А» тобы, 6-шы маршрут, 145 см

ҚР Ат спорты федерациясының баспасөз қызметі
БАҚ аккредиттеу: +7 705 185 6366, +7 777 483 9118

Back to top button