Астанада CDI 1* аясындағы INTERMEDIATE I FREE STYLE «AEF/Mantena CUP» жарысының жеңімпаздары анықталды

Астанада халықаралық CDI 1* турнирі аясында INTERMEDIATE I FREE STYLE «AEF/Mantena CUP» жарысы өтті. Бұл бағдарламада спортшылар музыка сүйемелдеуімен еркін стильдегі өнерлерін көрсетті.

Аталған бағдарлама атпен мәнерлеп жүру спортының ең көрермен қызығушылығын арттыратын әрі әсерлі түрлерінің бірі саналады. Төрешілер техникалық элементтердің күрделілігін, орындау сапасын, артистизмді, қозғалыстардың үйлесімділігін және спортшы мен ат арасындағы өзара түсіністікті бағалады.

Жарыс қорытындысы бойынша Өзбекстан өкілі Алина Шевцова NOCITO DE MUZE атты тұлпарымен жеңімпаз атанды.

Жарыс нәтижелері:

🥇 1-орынАлина Шевцова (Өзбекстан) — NOCITO DE MUZE

🥈 2-орынЕкатерина Каркавцева (Қырғызстан) — SANGRIA

🥉 3-орынДарья Попова (Қазақстан) — GRAVER

Айта кетейік, халықаралық турнирдің екінші жарыс күнінде Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Ресей спортшылары өнер көрсетті. Қатысушылар CDI 1-3 FEI Dressage – Intermediate I, Grand Prix «BANK CENTER CREDIT CUP» – CDI 3*, CSI-W FEI Jumping World Cup (135 см), ULTIMA YANDEX CUP (145 см) және Six Bar Jump-Off жарыстарында жүлделер үшін бақ сынап, жоғары дайындық деңгейін, шеберлігін және тартысты бәсекені көрсетті.

Турнир атпен мәнерлеп жүру спортының сұлулығын және спортшылардың жоғары дайындық деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеді. Бұл спорт түрінде орындау дәлдігі, ырғақты сезіну және ат пен шабандоз арасындағы өзара түсіністік шешуші рөл атқарады.

Қазақстан Республикасы Ат спорты федерациясы жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтап, алдағы жарыстарда жаңа жетістіктер тілейді. 🐎🏆

 

 

Back to top button