Жаңалықтар
Наурыз мерекесі құтты болсын!

Құрметті қазақстандықтар, ат спортының жанашырлары!
Сіздерді шын жүректен Наурыз мерекесімен құттықтаймын!
Наурыз — жаңару мен бірліктің, жаңа бастамалардың символы. Бұл мейрам ата-бабаларымыздың дәстүрі мен құндылықтарын дәріптейді, халықтың ынтымағын нығайтады, жақсылық жасауға шабыт береді.
Ат спорты — ұлттық мәдениетіміздің ажырамас бөлігі. Өмірі жылқымен және қазақ даласының кеңдігімен біте қайнасқан бабалар жолын жалғастыру — біз үшін үлкен мәртебе.
Осы жарқын мерекеде сіздерге зор денсаулық, отбастарыңызға амандық, табыс пен өркендеу тілеймін!
Наурыз әр шаңыраққа бақыт пен береке әкелсін!
Рустам Баялиев,
ҚР Ат спорты федерациясының Президенті