Жаңалықтар

Қазақстандық спортшылар конкур бойынша Еуразиялық Лигадағы Әлем Кубогы кезеңінде жүлделі орындарға ие болды

17–20 сәуір аралығында Ташкентте (Өзбекстан) конкурдан Еуразиялық Лигадағы Әлем Кубогының кезеңі өтті. Еліміздің намысын қорғаған 6 спортшының екеуі жүлделі орындарға ие болды.

Ксения Баталова Lady Di тұлпарымен жарыстың басты Гран-при маршрутында (160 см биіктіктегі 6-шы маршрут) екінші орын алып, күміс жүлдеге ал Нұрила Турысбекова Nagano B атты тұлпармен (130 см биіктіктегі 5-ші маршрутта) қола медальға ие болды.

Жарысқа Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінің 43 мықты шабандоздары қатысты. Бұл Еуразиялық лиганың күнтізбесіне енгізілген және Халықаралық маусымның маңызды кезеңі болып табылады. Қазақстандық спортшылардың бұл жарыстардағы нәтижесі халықаралық аренада бәсекеге қабілетті екендігін тағы да дәлелдейді.

Қазақстан Республикасының Ат спорты Федерациясының баспасөз қызметі

Back to top button