8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні құтты болсын!

Қазақстан Республикасы Ат спорты федерациясы барша әйелдерді көктемнің шуақты мерекесі – 8 наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтайды!
Бұл күні біз ат спорты саласында еңбек етіп жүрген нәзік жандыларға ерекше алғысымыз бен құрметімізді білдіреміз. Спорттық биіктерді табандылықпен, шеберлікпен және сұлулықпен бағындырып жүрген спортшы қыз-келіншектерге; жаңа чемпиондарды тәрбиелеуге білімін, тәжірибесін және уақытын арнап жүрген жаттықтырушыларға; асыл серігіміз – жылқылардың саулығын қамтамасыз ететін ветеринар мамандарға; төрешілерге, жарыс ұйымдастырушыларына, атбегілер мен ат қора қызметкерлеріне және ат спортының дамуына үлес қосып жүрген барлық әйелдерге зор ризашылығымызды білдіреміз.
Сіздердің кәсібиліктеріңіз, еңбекқорлықтарыңыз, жауапкершіліктеріңіз бен өз ісіңізге деген сүйіспеншіліктеріңіз ат спортының дамуына қуатты серпін береді. Сіздер осы асыл спорт түрінің үздік дәстүрлерін сақтап, жаңа буынға шабыт сыйлап келесіздер.
Өмірлеріңіз әрдайым жаңа жеңістерге, жарқын жетістіктерге, шабыт пен қуанышқа толы болсын! Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке, шаңырақтарыңызға амандық, көктемдей жайнаған көңіл-күй және спортта да, өмірде де толағай табыстар тілейміз.
Көктем мен сұлулықтың, мейірім мен күштің мерекесі – 8 наурыз құтты болсын!
Құрметпен,
Қазақстан Республикасы Ат спорты федерациясы.