Жаңалықтар
Ханты-Мансийскіде халықаралық турнир басталды: қазақстандық шабандоз алғашқы күннен жүлдеге ілікті

1–8 қыркүйек аралығында Ханты-Мансийск қаласында (Ресей) конкур және атпен мәнерлеп жүруден «Югра губернаторы кубогы» халықаралық турнирі өтуде. Жарысқа Ресей, Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстаннан келген 200-ге жуық спортшы қатысуда.
Қазақстан атынан атпен мәнерлеп жүру (выездка) сайысына Мария Дорофеева мен Ольга Симонова қатысуда. Алғашқы жарыс күнінде Мария Дорофеева Миракл есімді тұлпарымен «Бастапқы бағдарламада» (Preliminary Test) 3-орын иеленіп, жүлделі үштіктен көрінді.
Ертең спортшылар «Командалық бағдарламада» (Team Test) бақ сынайды.
Команданың ресми өкілі – Александр Тишков. Бас жаттықтырушы – Ирина Симонова.