🏆 Конкурдан Еуразиялық Лиганың Әлем Кубогының кезеңі (FEI CSI 1*-W) және Атпен мәнерлеп жүру бойынша халықаралық турнир – АСТАНАДА!

📅 30 мамыр – 1 маусым 2025 жыл
📍 Астана қаласы, «Арғымақ» ат-спорт сауықтыру кешені


Не күтіп тұр?

🐴 Конкур (FEI CSI 1-W)*
🔹 Түрлі биіктіктегі кедергілерден тұратын маршрут
🔹 Мақсат – мүмкіндігінше аз қате жіберіп, тез өту
🔹 Биіктігі 160 см-ге дейін, соның ішінде Grand Prix

🐎 Атпен мәнерлеп жүру / Выездка (FEI CDI 1*)
🔹 Ат пен шабандоздың үйлесімді қозғалыстары
🔹 Нәзіктік, дәлдік және шеберлік бағаланады

👥 6 елден 60-тан астам спортшы
🌍 Халықаралық деңгей
🛡 Жарыс FEI – Халықаралық ат спорты федерациясы шеңберінде өтеді


ℹ Конкур мен Атпен мәнерлеп жүру дегеніміз не?

🏇 Конкур — шабандоз бен аттың түрлі кедергілерден тұратын арнайы бағытпен жарысуы.
🎯 Мақсат – жылдам әрі қатесіз өту.

 

🎠 Атпен мәнерлеп жүру — шабандоз бен аттың ең жоғары деңгейдегі үйлесімін көрсету.
Көркемдік, нақтылық, қозғалыстың сұлулығы бағаланады.


📆 Күнделікті бағдарлама

📍 Бейсенбі, 29 мамыр
🕒 15:00 – Сайыскерлерді тіркеу және жылқы таныстыру

📍 Жұма, 30 мамыр
🕘 09:00 – Конкур 125 см
🏅 11:30 – Марапаттау рәсімі
🕚 11:30 – Жарыстың ашылу салтанаты
🎶 11:30 – Концерттік бағдарлама
🕑 14:00 – Конкур 140 см
🏅 15:50 – Марапаттау рәсімі
🕔 17:00 – Атпен мәнерлеп жүру: Prix St Georges
🏅 19:20 – Марапаттау рәсімі

📍 31 мамыр, сенбі
🕘 09:00 – Атпен мәнерлеп жүру: Intermediate I (Maxima Masters Eurasia шағын кубогы)
🏅 11:40 – Марапаттау рәсімі
🎶 12:00 – Концерттік бағдарлама
🕐 13:00 – Конкур 130 см (екі фаза), Maxima Masters Eurasia шағын кубогы
🏅 15:20 – Марапаттау рәсімі
🎶 15:40 – Концерттік бағдарлама
🕒 17:00 – Конкур 145 см (екі фаза)
🏅 18:20 – Марапаттау рәсімі
🎶 18:40 – Концерттік бағдарлама
🕢 19:30 – Конкур 135 см
🏅 20:30 – Марапаттау рәсімі

📍 Жексенбі, 1 маусым
🕘 09:00 – Командалық шағын кубок 130 см (2 айналым)
🏅 11:20 – Марапаттау рәсімі
🎶 11:40 – Концерттік бағдарлама
🏆 12:40 – Гран-при — 160 см
🏅 14:00 – Марапаттау рәсімі
🎉 14:00 – Жабылу салтанаты
🕓 16:00 – Атпен мәнерлеп жүру: Intermediate I
🏅 18:30 – Марапаттау рәсімі


🌍 Анықтама үшін:

📌 2025 жылғы Еуразиялық лиганың Әлем кубогы кезеңдері:

  1. Ташкент (Өзбекстан)
  2. Ташкент (Өзбекстан)
  3. Бішкек (Қырғызстан)
  4. Астана (Қазақстан)
  5. Тбилиси (Грузия)
  6. Тбилиси (Грузия)
  7. Ереван (Армения)
  8. Тегеран (Иран)

🏇 Grand Prix кезеңі нәтижесі бойынша 2025 жылғы Әлем кубогының финалына жолдама ойнатылады.


🎟 Кіру тегін
📸 Отбасыңызбен бірге келіп, нағыз шабыт пен әсемдікті сезініңіз!

📍 Өтетін орын картасы төменде көрсетілген:

Back to top button