Жаңалықтар

Мәнерлеп жүруден ҚР Чемпионаты аяқталды: абсолютті жеңімпаз кім

Алматы облысындағы «Батист» спорт кешенінде ат спортының ең талғампаз түрі – мәнерлеп жүруден Қазақстан Республикасының Чемпионаты өз мәресіне жетті. Ауқымды шараны Ат спорты федерациясы, Спорт және дене шынықтыру істері комитеті мен Республикалық оқу-әдістемелік және талдау орталығы бірлесе ұйымдастырды. Сондай-ақ «Батист» АСК және Mix Stars Dressage Теаm ұйымдастыру комитетінде болды.
Дүбірлі жарысқа еліміздің 20-дан астам үздік шабандозы қатысып, бақ сынады. Турнир Халықаралық ат спорты федерациясының (FEI) ресми ережелері мен қатаң ветеринарлық регламентіне сай өтті.
Жарыс бағдарламасы бойынша балалар, жасөспірімдер, юниорлар арасында командалық жүлделер сарапқа салынса, ересектер «Кіші жүлде», FEI кубогы және Аймақтық ойындар бағдарламалары бойынша өнер көрсетті. Марапаттау рәсімі әр санат бойынша бөлек жүргізілді.

Нәтиже келесідей:

Командалық жүлде. Юниорлар
І орын: Мария Дорофеева – РЕНДИ
ІІ орын: Алика Савикова – ANGELIA
ІІІ орын: Мария Приходько – CACHASSINI

Командалық жүлде. Балалар
І орын: Александра Карпова – РУФУС
ІІ орын: Варвара Гузь – БАСТИОН
ІІІ орын: Виктория Сидорова – ПОСОЛ
ІІІ орын: Виталина Бричкина – SHINE THROUGH

FEI кубогы бағдарламасы (орташа тест)
І орын: Венера Балтиева – FEYERVERK
ІІ орын: Яна Грицюк – ANJUNA
София Васильева – ПОРФИАДО

Аймақтық ойындар бағдарламасы. «Жеке жүлде»
І орын: Растислав Осипов – ANJUNA
ІІ орын: Роза Дауренбек – VEBER
ІІІ орын: Ольга Симонова – ЛИЛИ ХАММЕР

Командлық жүлде. Жасөспірімдер
І орын: София Васильева – FILOU
ІІ орын: Яна Джанкуразова – ЛАФИТ

Ережеге сәйкес ҚР Чемпионатының абсолютті жеңімпазы атағы ең күрделі әрі беделді «Кіші жүлде» бағдарламасын орындаған спортшылар арасында сарапқа салынды.

Нәтижесінде, жоғары шеберлік танытқан Алиса Миллер мен оның сәйгүлігі БОЦМАН Қазақстан Республикасының Абсолютті чемпионы атанды.

Ал осы санаттағы жүлдегерлер:

І орын: Карина Жарылгапова – IDROL OC
ІІ орын: Ольга Симонова – MIRACLE

Шара елдегі ат спортын танымал ету, Ұлттық құрама мүшелерінің кәсіби деңгейін арттыру және халықаралық аренада ел намысын қорғайтын жаңа әлеуетті шабандоздар мен сәйгүліктер жұбын анықтау мақсатында өткен болатын.

Back to top button