Жаңалықтар

Астанада паралимпиадалық мәнерлеп жүруден ел Чемпионаты өтеді

10-11 қараша күндері «Арғымақ» ат спорты кешенінде паралимпиадалық мәнерлеп жүруден Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтеді.

Бәсекеге Астана, Алматы қалалары мен Қарағанды, Маңғыстау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Атырау облыстарынан тірек-қимыл аппараты бұзылған ерекше шабандоздар қатысады.

Шабандоздар қозғалыс мүмкіндіктеріне қарай функционалдық топтарға бөлініп, республиканың басты жүлделері үшін бақ сынайды.

Back to top button