Жаңалықтар

ҚР Кубогының иегері анықталды

Астанадағы «Арғымақ» кешенінде Қазақстан Республикасы Кубогының екінші жарыс күні аяқталды. Спортшылар биіктігі 110, 120 және 130 сантиметр болатын үш маршрут бойынша бақ сынады.
Жарыстың бас жеңімпазы, яғни Кубок иегері — Ануар Досмаилов. Спортшы 130 см биіктіктегі маршрутта екі атымен де (Google MeTH және А’Корветте) сәтті өнер көрсетіп, бірден І және ІІ орындарды иеленді.
Екінші жарыс күнінің нәтижелері:
№1 маршрут — 110 см
* І орын — Арман Қажакат және Шелби (жеке ат иесі)
* ІІ орын — Карина Най және Фирмач («Кокпар Астана» клубы)
* ІІІ орын — Абзал Нарымбай және Гордый («Кокпар Астана» клубы)
№2 маршрут — 120 см
* І орын — Алина Бигалиева және Hi Diarado (Prestige Horse Club)
* ІІ орын — Ануар Досмаилов және А’Корветте (NAIMIR)
* ІІІ орын — Карина Най және Фирмач («Кокпар Астана» клубы)
№3 маршрут — 130 см
* І орын — Ануар Досмаилов және Google MeTH (NAIMIR)
* ІІ орын — Ануар Досмаилов және А’Корветте (NAIMIR)
ҚР Кубогының екінші жарыс күні тартысты өтіп, үздіктер өз шеберліктерін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Back to top button