Жаңалықтар

Қазақстандық спортшы Раиса Соколенко Нидерландтағы CSI2* халықаралық турнирінің қола жүлдегері атанды

Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Раиса Соколенко Uran Nad Wigrami-мен жұптасып, Нидерландта өтіп жатқан Ermelo CSI2* халықаралық конкур турнирінің қола жүлдесін жеңіп алды. Бұл жүлде қазақстандық спортшылардың халықаралық аренадағы бәсекеге қабілеттілігін тағы бір растады.

Eventanations Prize маршрутында кедергі биіктігі 135 сантиметр болды. Жарысқа 77 спорттық жұп қатысты. Раиса Соколенко мен Uran Nad Wigrami жарыстың екі фазасын да айып ұпайсыз өтіп, шешуші кезеңде 36,04 секунд нәтиже көрсетіп, үшінші орынға жайғасты.

Жүлделі орындар үшін күрес нәтижелердің өте тығыздығы жағдайында өтті. Маршрутты айыпсыз өткен кезде ондық және жүздік секундтардың өзі шешуші мәнге ие болды. Қазақстандық жұп екі фазаны да сенімді орындап, қатесіз аяқтады.

Нәтиженің маңыздылығын халықаралық бәсекенің жоғары деңгейі дәлелдейді. Эрмелодағы турнирге 17 елден 91 спортшы мен 179 жылқы қатысты. Жарысқа әлемдік және еуропалық конкурдың жетекші мектептерінің өкілдері, соның ішінде Олимпиада ойындары, әлем және Еуропа чемпионаттары мен ірі халықаралық старттардың тәжірибесі бар спортшылар қатысты.

Осы маршрутта Раиса Соколенко бірқатар танымал халықаралық шабандоздардан жоғары нәтиже көрсетті. Олардың қатарында нидерландтық көп дүркін Олимпиада жүлдегері Maikel van der Vleuten, Германиядан Laura Klaphake және Maurice Tebbel, Нидерландыдан Kim Emmen және Hessel Hoekstra бар. Осындай мықты құрамда қазақстандық спортшы үздік үштікке енді.

Эрмелодағы турнир Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелері Олег және Раиса Соколенко үшін бұл жарыстар – Нидерланд, Польша және Германиядағы халықаралық старттарды қамтитын қарқынды еуропалық циклдің бір бөлігі. Еуропалық бағдарлама спортшыларға жоғары халықаралық бәсеке жағдайында тұрақты өнер көрсетуге, бірнеше спорттық жылқымен жұмыс істеуге және маусымның басты старты алдында қажетті жарыс тәжірибесін жинауға мүмкіндік береді.

Нидерландтағы кезеңнен кейін Олег және Раиса Соколенко еуропалық жарыс бағдарламасын жалғастырады. Алда Польша мен Германиядағы халықаралық старттар, содан кейін спортшылар ұлттық құрама құрамында Жапониядағы XX Азия ойындарында Қазақстанның намысын қорғайды.

Back to top button